Yessenov University-ге арнайы іс-сапармен Ресей Федерациясының Дагестан Республикасы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметінің шекара бөлімінің бастығы, генерал-лейтенант А.Н.Буенов бастаған делегация келді.
Сапар барысында қонақтар университеттің білім беру базасын тамашалап, оқу бағдарламасымен танысты.
Делегация басшысы Теңіз академиясының Құрметті қонақтар кітабына оқу орнының өркендеуіне және дамуына тілектестігін білдіріп, жазбаларын енгізді.