28 ай (09.2024-12.26)
2024-2026 жылдарға 29 389 317,8 теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2024 жылы – 9 885 380 теңге; 2025 жылы – 9 702 816,8 теңге; 2026 жылы – 9 801 121 теңге.
Жобаның мақсаты – Маңғыстау өңірінің құрамында литийі бар табиғи (теңіз, жерасты, тұзды көлдер) және өндірістік сарқынды суларын зерттеу, олардың элементтік, иондық-тұзды құрамдарын зерттеу және литийдің өнеркәсіптік көздерін анықтау, оны алу технологиясы бойынша ұсынымдар әзірлеу.
- Маңғыстау өңірінің құрамында литий бар табиғи (теңіз, тұзды көлдер, жерасты) және сарқынды суларын зерттеу, олардың элементтік, иондық-тұзды құрамдарын зерттеу және литийдің өнеркәсіптік көздерін анықтау; - оны алуды жүзеге асыру үшін құрамында литий бар жаңа сұйық рентабельді көздерді анықтау. - зерттелетін объектілердің құрылымдары, иондық-тұзды құрамы және макронутриенттердің литийге қатынасы туралы түсінік қалыптастыру, бұл оны алу тәсілдерін дамытудың маңызды алғышарты болып табылады. - процестің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін арттыра отырып, өңдеу сатыларын қысқарту, литий тұздарының тазалығын арттыру үшін литий ерітінділерін қоспалардан тиімді тазарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.