Қытай және өзге де Шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі: тарихи-этимологиялық, лингвистикалық көрінісі.
Қытай және өзге де Шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі: тарихи-этимологиялық, лингвистикалық көрінісі.
Жоба жетекшісі: Нурдаулетова Бибайша Ильясовна
Жоба мерзімі:
Басталуы – 2024 жылғы 1 шілде, аяқталуы – 2026 жылғы 31 желтоқсан. Ұзақтығы – 30 ай.
Қаржыландыру сомасы:
451 824 754,00 тенге
Жоба мақсаты:
Қытай және өзге де Шығыс елдерінің тарихында хатқа түскен Орта Азия мен Қазақстанды негіз еткен түркі жерінің топонимдерінің тарихи-географиялық, лингвистикалық негіздерін зерттеу арқылы, қазіргі түркі тілдес елдер интеграциясының дамуына геосаяси тұрғыда негіз қалау.
Ғылыми жаңалығы:
1)Орта Азия мен Қазақстандағы көне түркі топонимдерін зерттеу түркі әлемін байланыстырып отырған, түркі интеграциясын қамтамасыз еткен ежелгі керуен дипломатия жолдарын қайта жаңғыртуға үлес қосады. Бұл – осы зерттеудің өзектілігін танытатын негізгі мәселе.
2) Біз өз зерттеуімізде «түркі топонимдері» деген ұғыммен қатар «Тұран кеңістігіндегі
топонимдер» деген түсінікті де қалыптастыруға тырысамыз, себебі Тұран – үлкен географиялық кеңістік және топономастикалық атаулардың қалыптасуына ықпал ететін ерекше лингвистикалық ареал ретінде маңызы бар (зерттеу нәтижесі біздің ұсынатын ғылыми жаңалығымыз болмақ);
3) Тақырыпты зерттеу барысында көз жеткізгеніміздей, Тұран кеңістігіндегі түркілік
топонимдердің қалыптасуы бірнеше кезеңдік қабаттардан тұрады және мұндай тарихи топонимдер түркі халықтарының этногенезі мен этникалық тарихына байланысты объективті ақпарат бере алады. Жұмыста осы мәселеге де ерекше мән беріледі.
4) Зерттеулерде негізінен құрлықтағы топонимдер қаралады, ал «су ішіндегі»
топономастикалық атаулар назардан тыс қалады. Тарихи жазбаларды зерттеу барысында араб, парсы, қытай тарихшыларының, географтарының қандай да бір тарихи оқиғаны сумен (өзен, көл, теңіз, шығанақ, арал, түбек т.б.) байланыстыра баяндайтыны байқалады. Себебі су –тіршілік көзі, сумен байланысты нысандардың қай түрі де саяхатшылардың, кезбелердің, жолаушылардың, саудагерлердің назарынан тыс қалмайтыны белгілі. Сондықтан дереккөздердегі ескі су жолдарының атауларына талдау жасаудың маңызы үлкен. Аталған зерттеу жұмысы осы олқылықтың орнын толтыруға үлес қоса алады;
5) Жұмыста «топономастика», «топономастикалық ареал», «топотұрпат»,
«субстраттық негіздегі топонимдер», «қайталанбалы топоформанттардың ареалдық шегі», «консервацияланған топоформанттар» т.б. сияқты тың терминдер қолданылады және оған түсінік беріледі.
6) Аталған бағдарламаның ерекшелігі жұмыстың күтілетін нәтижелерінен де байқалады. Зерттеудің негізгі нәтижелерімен (мақалалар, монография) бірге топономастикалық карта (Орта Азия мен Қазақстан топоареалындағы түркінегізді тарихи топонимдердің топономастикалық картасы жасалады), екі сөздік («Орта Азия мен Қазақстан топоареалындағы түркінегізді топонимдерді жасауға қатысатын географиялық терминдер мен басқа сөздер» және «Орта Азия мен Қазақстандағы түркі топонимдерінің түсіндірме сөздігі») жасау ұсынылған. Яғни аталған бағдарламаның зерттеу әдісі мен нәтижелері тек лингвистикалық аяда қалмайды, тарихи-этимологиялық, тарихи-этнографиялық, тарихи-географиялық, картографиялық зерттеулерді де молынан қамтиды. Бұл зерттеудің бірнеше ғылымдар контексінде орындалатын ауқымдылығын, сұраныс аясының да жан-жақтылығын танытады.
Жоба бойынша атқарылған ғылыми - зерттеу жұмыстары