20 мамыр күні Yessenov University-не ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев арнайы келіп, университеттің материалдық-техникалық базасымен, инновациялық зертханаларымен және Yessenov Technopark қызметімен танысты.
Кездесу аясында Мәлік Отарбаев профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен ашық сұхбат өткізіп, Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды мәселелерге тоқталды.
Ол әр студенттің өз болмысын танып, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіруі аса маңызды екенін ерекше атап өтті.
Бұл сапардың нәтижесінде университет пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және жастар тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жаңа бастамаларға жол ашылды.