8 қараша күні Yessenov University-ге Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Бір ел – Бір мүдде» депутаттық тобының мүшесі Шиповских Геннадий Геннадиевич, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы келді.
Құрметті қонақтарға кампус-тур жүргізіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары мен ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының мүшелерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында депутаттар ұлттық бірлікті нығайту, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.