ҚР Көлік министрі Yessenov University-ге жұмыс сапарымен келді

17 тамыз күні ҚР Көлік министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Yessenov University-ге жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында министр Yessenov University оқу базасына келіп, академиялық артықшылық орталығының қызметімен, Теңіз академиясының теңіз кадрларын даярлау мәселелері жөніндегі жұмысымен және университеттің даму стратегиясымен танысты.