4-5 маусым аралығында Yessenov University «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай «ҚХА кафедраларының қызметіндегі перспективалы шекара маңы ынтымақтастығы: этноинтеграциялық трендтер» атты халықаралық қатысумен өтетін VІ Республикалық вебинар өткізді.
Вебинар жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Әзілханов М.А., Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қалмұратова Г.М., Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасы Шойкин Ғ.Н., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы меңгерушісі, «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығының төрайымы, саяси ғылымдар докторы, ХАА академигі Калашникова Н.П., Болгария, Дағыстан, Ресей Федерациясының ғалымдары, консулдар, ғылыми, аналитикалық құрылымдардың өкілдері, шетелдік сарапшылар мемлекеттік органдар, дипломатиялық корпустың өкілдері, шетелдік сарапшылар, ҚХА кафедралары Қауымдастығының мүшелері, қазақстандық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы, жас ғалымдар қатысты.
Ғылыми-практикалық вебинар барысында шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың перспективалы инновациялық тәсілдері мен құралдарын ҚХА кафедраларының қызметіне енгізу бойынша пайдалы ұсыныстар мен ұтымды пікірлер айтылды.