“ҚазАзот” АҚ жағдайында түйіршікті аммоний сульфатын синтездеу технологияларын әзірлеу
ИРН АР19677917 "ҚазАзот" АҚ жағдайында түйіршікті аммоний сульфатын синтездеу технологияларын әзірлеу
Жоба жетекшісі: Серікбаева Ақмарал Қабылбекқызы
Жоба мерзімі:
2023-2025 жж.
Қаржыландыру сомасы:
97 342 039,70 теңге
Жоба мақсаты:
Түйіршікті аммоний сульфатын алудың классикалық әдісін жетілдіру, сондай-ақ қос аммоний сульфаттарын алу арқылы өнімнің ассортименті мен қолдану аясын кеңейту.
Ғылыми жаңалығы:
1. Алғаш рет түйіршікті аммоний сульфатын синтездеу және алу үшін аммоний бисульфаты ерітіндісін қолданудың тиімділігі негізделеді.
2. Ылғал аммоний сульфатындағы (қалдық ерітіндіде) аммоний сульфатының қалдық концентрациясының кептірілген түйіршіктердің беріктік сипаттамаларына әсері алғаш рет анықталады.