20-24 мамыр аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Huawei ICT Competition Global Final 2024-2025 әлемдік байқауда Қазақстан студенттері үлкен жетістікке жетті!
«Cloud Trek» бағыты бойынша:
Жаһандық финалға 2000-нан астам университет қатысып, соның «Cloud Trek» Қазақстанмен қатар бұл кезеңде Филиппин, Сингапур, Вьетнам, Гонконг, Пәкістан, Польша, Бразилия, Түркия сынды елдердің үздіктері қатысты. Қазақстан құрамасы осы беделді додада жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүлделі 3-орынға ие болды. Қазақстанның командасының нұсқаушы ретінде «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы Жилкишбаева Гульназ Сейтбекқызы. Білім мен технология саласындағы бұл жетістік – қазақстан студенттерінің әлеуеті жоғары екенін дәлелдеді! Жас мамандарымыздың бұл байқаудағы қатысуы – отандық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және болашақ IT саласының кадрларының әлеуетін көрсетеді.
Студенттеріміз еліміздің атын әлемге танытты! Қазақстандық команда мүшелерін құттықтаймыз және алдағы уақытта да жаңа табыстар тілейміз!