5 наурыз күні Баку қаласында Қазақстан мен Әзірбайжан жоғары оқу орындары ректорларының қатысуымен өткен дөңгелек үстел осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болды. Аталған шараға екі елдің ғылым және білім министрлері қатысып, жоғары білім беру саласындағы халықаралық байланыстың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу аясында Yessenov University Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті және Әзірбайжан туризм және менеджмент университетімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Бұл келісімдер бірлескен ғылыми зерттеулер мен академиялық алмасу бағдарламаларын жүзеге асыруға жол ашады.
Сонымен қатар, Бакин мемлекеттік университеті және Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетімен бұрын жасалған келісімдер жаңартылды. Бұл қадам ғылым және білім беру саласындағы серіктестікті одан әрі нығайтады.
Дөңгелек үстелден кейін өткен «Study in Kazakhstan» көрмесіне Yessenov University белсене қатысып, өзінің білім беру бағдарламалары мен халықаралық жобаларын таныстырды.