2 желтоқсан күні Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Yessenov University «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша сындарлы және ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан халқы Ассамблеясы: тәжірибесі, өзекті мәселелері, даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізілді.
Конференция жұмысына Маңғыстау облысы әкімінің орынбафсары, Маңғыстау облысы ҚХА-ның төрағасының орынбасары Қалмұратова Г.М., Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы Садвакасова А.К., ҚР ҚХА кафедраларының қауымдастығының төрайымы Калашникова Н.А., ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің халықаралық эксперттері, Болгария, Иран, Ресей Федерациясының ғалымдары, еліміздің әр өңірінен ынта білдіруші мемлекетік ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, ҚХА кафедраларының өкілдері қатысты.
Ғылыми шара барысында ҚХА міндеттерін сапалы жүзеге асыру бағытында көптеген пайдалы ұсыныстар мен ұтымды пікірлер айтылды.