31 қаңтар күні Yessenov University-де Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық тобының кеңейтілген отырысы өтті.
Шараға Түркия, Иран, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінің дипломатиялық корпусының өкілдері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің (ЭМБ) басшылары, Маңғыстау облысы ҚХА ҒСТ мүшелері қатысты.
Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтардың қызметінің өңірлік аспектілері, Маңғыстау облысы ҚХА ҒСТ жұмысының негізгі бағыттары туралы және шекара маңындағы оқу орындарымен халықаралық байланыстарды ілгерілету және ұйымдастыру, мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам институттарымен сындарлы және ашық диалогты қамтамасыз ету мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды.
Отырысқа қатысушылар өңірдің қоғамдық келісім саласындағы сарапшылық әлеуетін арттыру, ҚХА қызметінде трансшекаралық ынтымақтастықты дамытудың перспективті инновациялық тәсілдері мен құралдарын анықтау бойынша бірқатар пайдалы пайымдар мен ұсынымдар жасады.