16 қыркүйек күні Yessenov University-де «Қазақстан энергетикасы және бейбіт АТОМ» тақырыбында дебаттық турнир өтті.
Шараға “Кемел” студенттік дебат клубының мүшелері белсенді түрде ат салысты. Кіріспе сөзді АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері: саяси ғылымдарының докторы, профессор Киікбай Мыңбайұлы Жаулин және Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Абзал Марат алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауы аясында жастармен біршама мағлұматтар талқыланып, алда үлкен саяси маңызға ие Референдумда қаралатын мәселе – АЭС құрылысының маңыздылығы туралы айтылды.
Профессор Киікбай Мыңбайұлы жастарға Қазақстан Республикасының энернетикалық қауіпсіздігі туралы біршама түсінік беріп, сұрақтарына жауап берді.