“Қазақ хандығы – бабалар аманаты, ұрпаққа мұра» атты университетішілік ғылыми конференция

20 қараша күні Yessenov University-де «Тарих және дәстүрлі өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ хандығы – бабалар аманаты, ұрпаққа мұра» атты университетішілік ғылыми конференция өтті

Конференцияның ашылуында Зерттеу және даму жөніндегі вице-президенті Сейдалиев А.А., «Педагогика» факультетінің декан орынбасары Мұратова А.М. және кафедра меңгерушісі, PhD Нурманова А.К. құттықтау сөз сөйледі

Конференция барысында тарих және қоғамдық ғылымдар академигі, саяси ғылымдар докторы, профессор Жаулин К.М. «Қазақ хандығы – ұлтымыздың тарихы мен руханиятының негізі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар т.ғ.к. Табылдиева О.Д. «Қазақ хандарының әскери, дипломатиялық және соттық биліктерінің тарихи-құқықтық сипаттамасы» тақырыбында, PhD Нурманова А.К. «Парсы деректеріндегі Қазақ хандығы: саяси тарихтың негізгі кезеңдері» тақырыбында, ал Тарих білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Оразалы Мадияр «Мұхаммед Хайдар Дулати – Қазақ хандығын тұңғыш зерттеген ғалым» тақырыбында баяндама оқыды

Конференция аясында пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар ғылыми көзқарастарын ортаға салды. Шара соңында «Дәстүрлі музыка өнері» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері «Балбырауын» және «Адай» күйлерін орындап, тарихи рухты әуенмен қорытындылады