18 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Yessenov University-ге ресми сапармен келді.
Сапар барысында Президентке университеттің инфрақұрылымдық дамуы, академиялық бағдарламалары мен инновациялық экожүйесі таныстырылды. Мемлекет басшысы FabLab цифрлық зертханасы, 01Edu мектебі, Huawei ICT академиясы және Қазақ-неміс тұрақты инжиниринг институтының (KINI) қызметімен танысты.
Президентке студенттер мен оқушылар үшінқұрылған инженерлік жобалар алаңы — Yessenov Technopark жұмысы таныстырылды. Мұнда жастар нақтыжобалар әзірлеп, стартаптар құрып, заманауи инженерлікдағдыларды игеруде. Университет студенттері жасапшығарған автономды жеткізу роботы ерекшеқызығушылық тудырды. Технопарк қызметі 2025 — Жұмысшы жылының міндеттерімен үндес келеді.
FabLab цифрлық зертханасы — Массачусетстехнологиялық институтының FabLab халықаралықжелісінің құрамына кіретін алғашқы қазақстандықзертхана. Мұнда 3D-баспа, CNC, электроника, робототехника бағыттары бойынша оқыту жүргізіліп, FabAcademy халықаралық дипломы беріледі.
Президент 01Edu мектебінің жұмысымен танысты. Бұл — елімізде алғаш рет енгізілген peer-to-peer әдісінегізіндегі білім беру моделі. Франциялық сарапшыНиколя Садирактың жетекшілігімен іске қосылған бұлжоба жасанды интеллект, алгоритмдер және деректерменжұмыс істеу салаларында жастардың құзыреттілігіндамытуға бағытталған.
Сапар аясында Президент Жасанды интеллект факультетінің ресми ашылуына қатысты. Бұл факультет — AI-Sana ұлттық бастамасын жүзеге асыруға бағытталған және еліміздегі ІТ мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады.
Президент Huawei ICT Academy қызметімен және оның түлегі — әлем чемпионы Оралбай Өтебайдың жетістіктерімен танысты. Академия бұлтты технологиялар, 5G, IoT және жасанды интеллект бағыттарында білім береді. Өтебай бүгінде «Huawei Technologies Kazakhstan» компаниясында ІТ-инженер болып жұмыс істейді.
Берлин техникалық университетімен серіктестікте құрылған KINI — жасыл экономика, цифрлық инфрақұрылым және логистика бағыттары бойынша білім беретін халықаралық білім беру институты. 2026 жылы аталған институтқа арналған жаңа ғимарат құрылысына 20 млрд теңге көлемінде инвестиция бөлінетіні мәлім болды.
Мемлекет басшысы университеттің инфрақұрылымын, стартаптық экожүйесін және білім беру әлеуетін жоғары бағалап, университет қызметіне оң пікір білдірді:
«Осындай орталықтар жастардың техникалық және креативті дамуына мүмкіндік береді. Бұл – цифрлық экономика дәуірінде бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды дайындаудың маңызды алғышарты», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Yessenov University еліміздің зияткерлік әлеуетін дамыту жолында инженерлік және ІТ бағыттар бойынша бәсекеге қабілетті кадрларды дайындауды жалғастыра береді.