Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиаданың жеңімпазы

23 мамыр күні Астана қаласында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада өтті.

Олимпиадаға еліміздің жоғары оқу орындарының «Халықаралық қатынастар», «Құқықтану», «Экономика» және «IT» бағыттары бойынша үздік студенттері қатысып, жартылай финалға 40 үміткер өтті.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығының 3-курс студенттері Закария Жасмина мен Абдуллаева Аружан үздік ондықтың қатарынан көрінді.

Байқау нәтижесінде Закария Жасмина Қазақстан атынан Ресей Федерациясының Красноярск қаласында өтетін халықаралық шараға жолдама алып, Халықаралық қатынастар бағыты бойынша ел намысын қорғайтын болды.

Бұл жеңіс — университетіміздің білім беру сапасының, кафедра оқытушыларының кәсіби шеберлігі мен студенттердің жоғары дайындық деңгейінің айқын көрсеткіші.

Закария Жасминаға алдағы халықаралық додада сәттілік тілейміз!
Университетіміздің беделін биіктетіп жүрген студенттерімізге зор ризашылық білдіреміз!