Қалалық емес білім алушылардан университет жатақханаларынан орын бөлу үшін тапсырыстар онлайн қабылданады.
Тапсырыс беру үшін yu.edu.kz сайтына кіріп, «Жатақхана» қапсырмасын ашу керек. Сол жерде «Тапсырыс беру» тетігін басып, электронды «Өтініш» толтырылады және «Құжаттар» тармағында талап етілетін құжаттар фотоға түсіріліп, салынады.
Электронды өтінішке қоса тіркелетін құжаттар тізбесі:
ҚР азаматтары үшін:
1) білім алушының жеке төлқұжаты;
2) Yessenov University-ге оқуға қабылданғаны немесе оқитыны туралы анықтама;
3) мекен-жай анықтамасы;
4) университет медициналық кабинетінен санитарлық тексерістен және нұсқаулық өткені туралы анықтама;
6) төлемдер жасалған түбіртектер (тұру ақысы және депозит);
7) әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат (болған жағдайда);
8) 3×4 көлемдегі фото – 1 дана (медициналық анықтамаға жапсыру үшін).
Шетел азаматтары үшін:
1) білім алушының жеке төлқұжаты (аудармасы);
2) Yessenov University-ге оқуға қабылданғаны немесе оқитыны туралы анықтама;
3) уақытша тіркелу туралы анықтама;
4) университет медициналық кабинетінен санитарлық тексерістен және нұсқаулық өткені туралы анықтама;
5) төлемдер жасалған түбіртектер (тұру ақысы және депозит);
6) 3×4 көлемдегі фото – 1 дана (медициналық анықтамаға жапсыру үшін).
Электронды өтініштер бес жұмыс күні мерзімінде қарастырылады.
Тапсырыс беру уақыты:
1-курс – 25- 30 тамыз;
2-4 курс – 5-10 қыркүйек;
магистранттар үшін 10-15 қыркүйек аралығында
Құжаттарды дұрыс рәсімдеген білім алушылар жатақханаға орналасу үшін әлеуметтік бөлімге (АО 302 кабинет) келіп, жатақханада тұруға Келісім-шарт жасайды, жолдама алады.
Толық ақпарат үшін yu.edu.kz сайтында орналастырылған «Студенттік жатақханалар туралы ЕРЕЖЕмен» танысу керек.
Анықтама 788-788 (270) телефоны бойынша.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЖАТАҚХАНАДА ТҰРУ АҚЫСЫ
(бір төсек-орынға)
Тұру ақысы, айына (қыркүйек-маусым)
|
|||
Жатақхана |
Оқу сатысы |
ҚР азаматы |
Шетел азаматы |
№ 1 |
Бакалавриат |
5000 тенге |
6500 тенге |
Магистратура, докторантура |
7500 тенге |
9500 тенге |
|
№ 2, №3 |
Бакалавриат |
8500 тенге |
10500 тенге |
№ 4 |
Бакалавриат |
9500 тенге |
11500 тенге |
Демалыс кезінде тұру ақысы, тәулікке (шілде-тамыз)
|
|||
Барлық білім алушылар үшін, 1 төсек-орын (6 м2) |
1000 теңге |
ДЕПОЗИТ |
||
Барлық білім алушылар үшін |
№ 1 жатақхана |
25000 тенге |
№ 2 және № 3 жатақханалар |
45200 тенге |
|
№ 4 жатақхана |
47500 тенге |