Құрметті достар, Отан қорғаушылар!

Сіздерді 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мереке – батыр бабаларамыз бен бүгінгі буынның Отанға адал қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мейрам.

Аға ұрпақ мұра етіп қалдырған Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Ел тыныштығы мен қасиетті Қазақ жерінің шекарасын берік қорғаған қарулы күштерінің сарбаздары бұл жолда атқаратын еңбегі зор екенін атап өткен жөн. Елді қорғау және оған адал қызмет ету – барлығымыздың басты борышымыз.

Әлемде туындаған қазіргі қиын ахуалды ескеріп, елдегі төтенше жағдай ережелерін қатаң сақтауға, карантиндік уақыттан қажыған халықты тыныштықта ұстап, өз денсаулығын тәуекел ете отырып, бақылау жұмыстарын жүргізуде сарбаздардың еңбегі – әрине, өте бағалы да, құнды.

 

Құрметті Отан қорғаушылар, сіздердің қызметтеріңіз – еліміздің Тәуелсіздігінің, Қазақстанның әр шаңырағының тыныштығы мен алаңсыздығының кепілі. Өздеріңізге денсаулық, қажымас қайрат пен күш жігер, отбасыларыңызға бақыт тілеймін!