2025 жылдың 2 желтоқсан күні Есенов университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі басшысы «Құқық және халықаралық қатынастар» факультетінің «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен кездесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, парасаттылық және академиялық адалдық» тақырыбында адалдық сағатын. Іс-шарада университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін жетілдіру, адалдық принциптерін күшейту және студенттердің жауапкершілік мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды.
Спикер өз сөзінде адал білім мен әділдікке негізделген орта – сапалы маман даярлаудың басты шарты екенін атап өтті. Сондай-ақ жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталып, Есенов университет ISO 37001:2016 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізген елдегі алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып табылатындығын және Университеттегі комплаенс-қызмет, академиялық адалдық кодексі, «Саналы ұрпақ» клубы мен осы бағытта атқарылып жатырған жұмыстарға аса назар аударды.
Кездесу соңында студенттерге академиялық адалдықты сақтау, плагиат пен көшіруге жол бермеу, өз біліміне сену сияқты қағидаларды ұстану қажеттігі баса айтылды.
Іс-шара жастар арасында парасаттылық құндылықтарын насихаттауға және адал қоғамды бірге қалыптастыруға бағытталды.