«Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Ереженің бекітілуіне байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әкімшілік басқармасының басшысы Ербол Көбейсінұлы Жұмабай мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әкімшілік басқармасының жетекші маман Хакимбек Аймырадұлы Атадусов 35 жастан аспаған профессорлық-оқытушылық құраммен және магистранттармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Президенттік Жастар кадрлық резервін қалыптастыру және конкурс шарттары мен міндеттерін кезең-кезеңмен пысықтау мақсаты кеңінен талқыланды.