2025 жылдың 05-12 қаңтар аралығында Туризм және тілдер факультетінің 6В11101-Туризм білім беру бағдарламасының бір топ студенттері Өзбекстан елінің тарихи-мәдени ерекшеліктерімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру мақсатында Қарақалпақстан Республикасының туристік жерлеріне ақпараттық турға барып қайтты. Университет тарапынан студенттерді аталмыш факультеттің “Халықаралық қатынастар және туризм” кафедрасының ассистенті Н.Н Джанибекова алып жүрді. Студенттердің орналастыру орындары, тамағы, жол шығыны ұйымдастырушылар тарапынан тегін болды.
Ақпараттық турда студенттер Нүкіс, Мойнақ және Хива қалаларының туристік нысандарымен және тарихи-мәдени орындарымен танысты. Сонымен қатар, Санкт-Петербургтегі Орыс музейінің коллекциясынан кейін дүние жүзінде екінші орында тұрған И.В.Савицкий атындағы Қарақалпақстан Республикасы өнер музейін тамашалады. Қарақалпақстан Республикасының Туризм министрлігі тарапынан турдың қызықты әрі танымды өту үшін студенттерге арнайы кәсіби гид ұсынылды.
Бұл саяхат студенттерге өзге елдің таңғажайып әрі тылсымға толы тарихи орындарын көзбен көріп қана қоймай олардың тарихын тануға, таным көкжиекті кеңейтуге мол мүмкіндік берді деп айтуға болады. Осындай ақпараттық турға қатысу мүмкіндік берген, Ақтау қаласындағы Өзбекстан Республикасының елшілігіне университет тарапынан үлкен алғысымызды білдіреміз.