“Маңғыстау”

"Mańǵystaý"

Студентке үйірмеден тәлім алу барысында сахнада ән орындау мәдениетін, техникасын, тәртібін білуге үйрету, оларға қазақтың дәстүрлі музыка өнері арқылы адамгершілік-рухани және эстетикалық тәрбие беру.

«Маңғыстау» студенттік вокал үйірмесінің кәсіби деңгейі жылдан-жылға артып келеді. Үйірме әншілері облыстық, қалалық барлық іс-шараларына, қалалық концерт бағдарламаларына белсене қатысады. Үйірме әншілерінің есімдері облысқа да, республикаға да танымал бола бастады.

Вокал үйірмесінің жетекшісі Макина Гүлнара Иманбаевна — ҚР мәдениет саласының үздігі, ҚР мәдениет майталманы, тәжірбиелі ұстаз әрі әнші.