aisulu.zhumurova@yu.edu.kz
+7(7292)788-788(226)
Актау қаласы, 32 ш/а., Есенов университеті , 13 қабат.
1990 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын “Экономикалық ақпаратты механикаландырылған өңдеуді ұйымдастыру” мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі: инженер-экономист.
2006 жылы экономика ғылымдарының докторы, профессор Р. А. Алшановтың жетекшілігімен 08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару (салалар мен қызмет салалары бойынша) мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
09.1990 – 09.1994-Жаңаөзен мұнай техникумының экономикалық пәндер оқытушысы.
09.1994 – 07.1999-Маңғыстау политехникалық колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы (Ақтау қ.).
10.1999 – 07.2001-М. Оспанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.
08.2001 – “Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті” КЕАҚ оқытушы, аға оқытушы, “Экономика” кафедрасының меңгерушісі, Оқу бөлімінің басшысы, Ғылыми хатшы, Стратегиялық жоспарлау, рейтинг және аккредиттеу бөлімінің басшысы, Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс грамотасымен марапатталды.
2013 жылы Маңғыстау облысының дамуына қосқан үлесі үшін “Маңғыстау облысына 40 жыл”мерейтойлық медалімен марапатталды.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің құрмет төсбелгісімен марапатталған.