Педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында 2025 жылғы 28 сәуір мен 10 мамыр аралығында Үздіксіз білім беру институты тарапынан «Оқулық жасау теориясы және студенттер үшін оқу әдебиетін әзірлеу» тақырыбында курс ұйымдастырылып, өткізілді.
Курс барысында қатысушылар оқу материалдарын әзірлеудің теориялық және практикалық тәсілдерінің негізгі қағидаларымен танысты. Негізгі назар келесі мәселелерге аударылды: Оқулық әзірлеу әдістемесі; Студенттерге арналған оқу әдебиетінің құрылымы мен мазмұны;Қазіргі заманғы оқу құралдарына қойылатын талаптар; Оқу әдебиетін жобалау және безендірудің практикалық аспектілері.
Сабақтарды лекциялар, практикалық шеберлік сабақтары және топтық пікірталастар форматында филология ғылымдарының кандидаты, «Туризм және тілдер» факультетінің «Әлем тілдері» кафедрасының профессоры Саметова Фаузия Төлеушайыққызы жүргізді. Оқыту барысында педагогтер өздерінің оқу құралы жобаларын әзірлеп, оларды сараптамалық бағалаудан өткізу мүмкіндігіне ие болды.
Курс соңында барлық қатысушыларға оқу курсын аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.
Ұйымдастырушылар тыңдаушылардың жоғары белсенділігін атап өтті және барлық қатысушыларға тақырыпқа деген қызығушылығы мен белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.