Yessenov University-де «Қоғамдық келісім» мен жалпы ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік және азаматтық институттар-мен ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың тиімді өзара әрекеттесу механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Қазақстан халқы Ассамблеясы» (ҚХА) кафедрасы.
Іс-шара ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік және азаматтық институттарымен конструктивтік және ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып, облыста болжамдық, талдамалық және білім беру қызметін тиімділігін арттыру үшін ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел жұмысына Маңғыстау облысы ҚХА басшылары, «Қоғамдық келісім», этномәдени бірлестіктер, Yessenov University қызметкерлері және ҚХА кафедрасының оқытушылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында келесі тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды:
1. Қоғамдағы үйлесім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының қызметі. Баяндамашы: А.И.Мамбетова, ҚХА кафедрасының меңгерушісі.
2. «Оларды қасиетті Маңғыстау жері мақтан тұтады» ғылыми-зерттеу жобасы елдің ұлттық бірлігін нығайтудың маңызды құралы ретінде. Баяндамашы: Л.Л.Буянова, ҚХА кафедрасының доценті.
3. Студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін және еріктілік белсенділік қызметін қалыптастыру. Баяндамашы: И.В.Бисенгалиева, ҚХА кафедрасы-ның доценті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар көрсетілген тақырыптар бойынша пікірталастарға белсене қатысты. Қаралып отырған мəселелер бойынша толық мәліметтер алу үшін сауалнама қолданылды.