19 ақпан күні Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында жоспарланған іс-шаралар негізінде «Құқықтану» кафедрасы студенттерінің қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның мақсаты: «Құқықтану» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтары студенттерінің қолөнер бұйымдары мен өздері дайындаған түрлі тағамдарын көпшілікке ұсынып, постгеморрагическая гидроцефалия дертіне шалдыққан Адильбекова Анельдің ем-шарасына қаражат жинау арқылы қайырымдылық акциясын өткізе отыра, имандылық, жанашырлық сияқты құндылықтарды білім алушылардың бойына сіңіру.