Мемлекеттік қызметші мектебі

«Мемлекеттік қызметші мектебі» жалғасуда

8 ақпан күні Yessenov University студенттері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Мемлекеттік қызметші мектебіне» қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр қорын қалыптастыру. 

Айта кетерлігі, университет пен аталмыш департамент арасындағы өзара ынытымақтастық меморандумы 2018 жылы бекітілген. «Мемлекеттік қызметші мекетебі» төрт жылдан бері жұмыс жасап келеді. Мектеп өзінің алғашқы күнін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және Академия филиалының ғимаратымен, ондағы тарихи мәні бар орындармен танысудан бастады.