МАНСАП ОФИСІНІҢ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУІ

10 желтоқсан күні Есенов университетін 2025 жылғы бітіруші түлектермен «Білім беру», «Турзим және тілдер», «Ғылым және технологиялар» факультетінің бітіруші түлектеріне арналған маңызды кездесу өтті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы және ауыл квотасы аясында оқып жатқан түлектермен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің басты тақырыбы – жас мамандарды бөлуге қатысты нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер болды.
Мансап офисі тарапынан мамандарды бөлу процестерінің барлық кезеңдері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, жұмыс істеуден босатылатын жағдайлар мен мерзімдер туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында түлектер бөліну және грант бойынша жұмыс істеу тәртібіне енгізілген өзгерістерге қатысты маңызды сұрақтарын қойып, жауап алды.