«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерін оқыту

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен «Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КЕАҚ арасындағы Келісім-шарт негізінде 2023 жылғы 29 мамырда мұнай саласының қызметкерлерін оқыту үшін «YESSENOV UNIVERSITY білім беру интенсиві» курсының ашылуы өтті.
 
200 тыңдаушы – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ болашақ қызметкерлерін мұнай, педагогикалық, қаржы және заң салаларында жоғары білікті жаттықтырушылар оқытады: Гусманова А.Г., Омарова А.И., Кошимова Б.А., Жилкишбаева Г.С., Баямирова Р.У., Жолбасарова А.Т., Таскинбайқызы Ж., Ауешова Б.Т., Сүлейменова Б.С., Тайжанова Л.С., Абилшеева Р.К., Шайхиева К.М., Егенисова А.К., Сарбопеева М.Д., Баймухашева Ш.Х., Нұрбаева Ф.К.
 
Курстарды оқыту бойынша жоба: «Икемді құзыреттіліктер (SOFT SKILLS): эмоциялық интеллект, сыни, креативті және жүйелі ойлау, коммуникация», «Құқықтық сауаттылық: талдау бағалау және еңбек саласында медиативті процедураларды қолданудың заманауи әдістері», «Қаржылық сауаттылық: жеке қаржы және кәсіпкерлік», «Мұнайгаз ісі негіздері». «Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б өндірістік санаттары бар үй-жайлары, ғимараттары, құрылыстары мен қондырғылары бар қызметкерлер, объектілер үшін өрт-техникалық минимум», «Жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау», «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» курстары екінші жыл сәтті өткізілуде, оқу аяқталғасын емтихан қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар мен куәліктер табыс етіледі.
 
Өткен жылы Үздіксіз білім беру институтында 223 тыңдаушы білім алды. Бүгінгі таңда олардың барлығы жұмыс орнымен қамтылған.
 
Ағымдағы «YESSENOV UNIVERSITY білім беру интенсиві» курсы тиісті басқармалар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесу – семинарларды белсенді өткізуді, сондай-ақ тәрбиелік сипаттағы іс-шараларды: мұражайға, балалар үйіне, қарттар үйіне, сенбіліктерге баруды, теңізге шығумен демалуды жоспарлап отыр.