Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы

19 қараша күні Yessenov University қабырғасында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиевтің қатысуымен Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген мәжілісі өтті

Кездесуде Yessenov University президенті, ҚХА ҒСТ жетекшісі Берік Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен бірліктің ғылыми негіздерін күшейтудің, сонымен қатар өңірлік этносоциалдық үдерістерді талдауда академиялық қауымдастықтың рөлін арттырудың маңыздылығын атап өтті

Сенат депутаты Алишер Сатвалдиев өз баяндамасында цифрлық платформалардың этносаралық коммуникацияға ықпалын талдап, медиа кеңістіктегі жаңа тәуекелдер мен трендтерді ғылыми модельдеудің өзектілігін көтерді

Жиын нәтижесінде қатысушылар этносаралық коммуникацияны жетілдіру, өңірлік ғылыми зерттеулерді дамыту және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған нақты ұсыныстар жасап, сараптамалық пікір алмасты. Сонымен қатар, бірлескен жұмысты жалғастыру, жастар бастамаларын қолдау және заманауи аналитикалық тәсілдерді енгізу қажеттігі атап өтілді