22 cәуір күні Мансап офисі Yessenov University түлектерін жұмыспен қамту мүмкіншіліктерін қарастыру мақсатында Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) және Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшылықтарымен кездесу өткізді.
Дөңгелек үстел барысында «Жастар тәжірибесі», «Бірінші жұмыс орны» және тағы да басқа бағдарламалар арқылы Түлектерді жұмысқа тарту және «Ұрпақтар келісімшарты» сияқты жобалар арқылы тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мүмкіншіліктері туралы келіссөздер жүргізілді.
Сонымен қатар, Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты тарапынан бүгінгі таңдағы сұранысқа ие мамандар тізімі, ваканттық жұмыс орындары туралы ақпараттар берілді.