Маңғыстау топономастикалық ареалы: тарихи топонимия, топобейнелер және оларды интерпретациялау

ЖТН AP19680234 «Маңғыстау топономастикалық ареалы: тарихи топонимия, топобейнелер және оларды интерпретациялау»

Жоба жетекшісі: Нұрдәулетова Бибайша Ильясқызы

Жоба мерзімі:

2023-2025 жж.

Қаржыландыру сомасы:

61 976 005 (алпыс бір миллион тоғыз жүз жетпіс алты мың бес) теңге

Жоба мақсаты:

Маңғыстаудағы тарихи топонимдерді зерттеу, осы аймақта қалыптасқан топобейнелерді анықтап, интерпретация жасау, соның негізінде Маңғыстаудың топономастикалық бейнесінің қалыптасу үдерісін қайта құру, тарихи топонимдердің тұрғылықты халықтың жадында ғасырлар бойы консервациялану механизмін айқындау.

Ғылыми жаңалығы:

Жобаның идеясы тарихи топонимиялық материалдарды топонысандар мен тарихи оқиғалармен өзара сабақтастыру негізінде топобейнелер құрастыру және белгілі тарихи кезеңдерге қатысты ғылыми пікір қалыптастырумен байланысты негізделеді. Біздің зерттеу жұмысымыз картография, тарихи-этимология мен интерпретация арқылы іске асады. Маңғыстау тарихи топонимдерінің қалыптасу тарихы аймақтың тарихи-тілдік, географиялық ерекшеліктерімен, автохонды жұрттың таным-түсінігімен, аймақта шоғырланған тайпалар этногенезімен байланыста қарастырылады.

Жоба бойынша атқарылған ғылыми - зерттеу жұмыстары

Зерттеу тобы

Жарияланған мақалалар тізімі