Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен келді

11 қыркүйек күні ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Yessenov University-ге жұмыс сапарымен келді.

Мәлік Нұржанұлы университет студенттерімен және аймақтың белсенді жастарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді.

Жастар жаңа реформаларға, оның ішінде ауылдық жерлерді дамыту, ауыл шаруашылық саласын өркендету және жасанды интеллектті меңгеруге қатысты өз пікірлерін білдірді.