Мұнай битумдарын резеңке-техникалық қалдықтармен модификациялау

«Мұнай битумдарын резеңке-техникалық қалдықтармен модификациялау»

Жоба жетекшісі: АНАР ШЫНАБАЙҚЫЗЫ АҚКЕНЖЕЕВА

Жоба мерзімі:

Басталуы – 2023 жылғы 1 ақпан, аяқталуы – 2025 жылғы 31 желтоқсан; ұзақтығы – 35 ай.

Қаржыландыру сомасы:

2023-2025 жылдарға 74 972,939 теңге,
оның ішінде жылдар бойынша:
2023 жылға – 26 841,625 теңге,
2024 жылға – 25 434,964 теңге,
2025 жылға – 22 696,350 теңге.

Жоба мақсаты:

Жобаның мақсаты – резеңке-техникалық бұйымдарды қайта өңдеп кәдеге жарату және Қазақстан Республикасы битумдарының физика-химиялық реологиялық сипаттамаларын жақсарту үшін резеңке-техникалық қалдықтармен мұнай битумдарын модификациялау технологиясын зерттеу және әзірлеу болып табылады

Ғылыми жаңалығы:

Жақсартылған эксплуатациялық қасиеттері бар битум алу үшін өнеркәсіптік резеңке қалдықтарымен мұнайлы жол битумдарын модификациялаудың жаңа технологиясы әзірленетін болады. Күтілетін нәтижелерді қолдану мүмкіндігі битумды модификациялау және резеңке қалдықтарын жою үшін жұмыс нәтижелерін пайдалану болып табылады. Күтілетін нәтижелердің әлеуетті тұтынушылары: - Өнімнің эксплуатациялық сапасын жақсартқысы келетін битум зауыттары. - Қалдықтарды қайта өңдеп кәдеге жарату арқылы қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайту негізгі мақсаты болатын тұрмыстық қатты қалдықтар басқармасы. Жобаның мақсаты мен міндеттері

Жоба бойынша атқарылған ғылыми - зерттеу жұмыстары

Зерттеу тобы

Жарияланған мақалалар тізімі