25 қаңтар, 2019 жыл KUTEL (Kazakh Universities to foster quality assurance processes in Technology Enhanced Learning) халықаралық жобасының қатысушылары Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті басшылығының отырысында жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы айтты.
KUTEL жобасының негізгі мақсаты – технологияларды қолдана отырып, білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін енгізу арқылы аккредиттеу стандарттарын, технологияларды негізге алатын курстар мен ұлттық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтар / процедураларды жетілдіруге және енгізуге кепілдік беретін Қазақстандағы жоғары білім жүйесін реформалау мен модернизациялауға жәрдемдесу.