Әзірбайжан мен Қазақстан: Конституция және Егемендік жылындағы байланыстарды нығайту

13-14 маусым күндері Yessenov University-де «Әзірбайжан мен Қазақстан: Конституция және Егемендік жылындағы байланыстарды нығайту» атты Бірінші Әзірбайжан-Қазақстан жазғы жастар мектебі сәтті өтті.

Бұл маңызды шараны «Әзірбайжан орталығы» қоғамдық қоры Әзірбайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетімен бірлесіп, Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы мен Есенов университетінің қолдауымен ұйымдастырды. Жазғы мектеп Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуда маңызды қадам болды.

Әзірбайжаннан, Қазақстаннан және басқа да түркі әлемі елдерінен келген 40 студент конституциялық құрылыс, егемендік тарихы және мәдениетаралық диалог саласында тәжірибе мен білім алмасудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.

Жазғы мектептің бай бағдарламасына семинарлар, тренингтер, Әбіш Кекілбаев атындағы музейге бару және теңіз экскурсиясы кірді, бұл қатысушыларға екі елдің тарихын, мәдениетін және қоғамдық өмірін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Салтанатты жабылу рәсімі Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан және Түрікменстанның бас консулдарының қатысуымен өтті, бұл іс-шараның жоғары деңгейін көрсетті.
Сертификаттар табысталғаннан кейін қонақтарды әзербайжан әншісі Рафаэльдің өнері күтті.