KINI және DKU өкілдерінің бірлескен отырысы

10 маусым күні Yessenov University-де Қазақ-Неміс Тұрақты Инжиниринг Институты (KINI), Алматы қаласындағы Қазақ-Неміс Университеті (DKU) және Yessenov University өкілдерінің кеңейтілген бірлескен отырысы өтті.

Жиынға KINI құрылтайшылары — Yessenov University Президенті Берік Ахметов пен DKU Президенті Волрад Роммель төрағалық етті.

Кездесу барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды: бакалавриат және магистратура деңгейіндегі қос дипломды білім беру бағдарламаларын дамыту, KINI-дің операциялық міндеттері мен өсу перспективалары, университеттердің өзара ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған стратегиялық бастамалар.

Бұл кездесу жоғары білім берудің сапасын арттыру және академиялық серіктестікті нығайту жолында маңызды қадам болып табылады.