2 желтоқсан күні Yessenov University 45 жылдық мерейтойына орай Каспий маңы елдерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының XXIII Бас ассамблеясы өтті. Каспий маңы елдерінің қауымдастық ережесіне сәйкес, ассамблея өткен университеттің ректоры ассоциация Президенті құрметті лауазымын иеленеді.
Осы дәстүрді сақтай отырып, Каспий маңы мемлекеттерінің ЖОО және ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының атқарушы директоры Юрий Пименов Yessenov University Президенті Ахметов Берік Бақытжанұлын Каспий маңы елдерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының Президенті етіп жариялады.
Президенттікті қазақстандық университет тарапы осымен үшінші рет иеленіп отыр.