Yessenov University-де «Таза Қазақстан» акциясы аясында университет аумағында «Community Gardens» қоғамдық бақтарын құру бойыншағылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында көпфункциялы «YESSENOV JYLYJAIY» жылыжайы салынды.
Жылыжай 2019 жылдың көктемінде жұмысын бастады. Жабық топырақты алқапта аскөк, көкөністер, жеміс- жидектер және кейбір сортты гүл түрлерін өсіру қолға алынған. Сонымен қатар, ағымдағы жылы жапондық софора ағашының тұқымы отырғызылды.
Есенов жылыжай жұмысының негізгі бағыттары:
Студенттердің бойында зерттеушілік қасиеті мен мәдениетін дамыта отырып, Маңғыстау өңірінде болашақ агроөнеркәсіптік кешенін дамытатын мамандар дайындау. Есенов университетінің биология мамандығының студентері жыл бойында жылыжай ішінде дипломдық жұмыстары және өз қызығушылықтары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
«Маңғыстау облысы климаттық жағдайында жылыжай шаруашылығын жүгізу мен дамытудың практикалық мәселелері» инновациялық технологиялар мен материалдарды оңтайлы пайдалану арқылы, экологиялық таза өнім алу және табыстылығын дамыту болып табылады.
Сонымен қатар, 2024 жылы 2 желтоқсаны күні университет аумағында «Жастар паркі» ашылды. Жастар паркі студенттердің таза ауада демалуына және түрлі музыкалық әрі ойын-сауық бағдарламаларын өткізуге
арналған. Парк аумағында амфитеатр, субұрқақ және 50 орындық шағын кафе жұмыс істейді. Барлығы 3000 ағаш отырғызылған саябақ тек студенттер үшін ғана емес, қала тұрғындары үшін де қолжетімді.