29 мамыр күні Yessenov University-де «Күміс университеті» жобасы аясында егде жастағы азаматтарға арналған гид-экскурсоводтарды дайындау бойынша біріктірілген туристік курстың тұңғыш түлектеріне сертификат табыстау рәсімі өтті.
Курстың мақсаты – Маңғыстау облысының киелі, қасиетті орындары мен табиғи сұлулығы бойынша туризм бағытын дамыту және насихаттау.
Аталған жобаға Маңғыстау облысының егде жастағы 30-дан астам тұрғыны қатысып, 3 ай бойы гид-экскурсоводтарды дайындау курсынан өтті.
Күміс университетінің бірінші курсы модульдік жүйе бойынша оқытылды және экскурсиялық шеберлік, Маңғыстаудың тарихи-мәдени көрікті жерлерін түсіну, компьютерлік сауаттылық және ағылшын тілі негіздерін қамтыды.
Өз ісінің жоғары білікті шеберлері, профессорлар, ғылым кандидаттары өңірдің қасиетті орындары, табиғаты, бірегей тұрмыс пен ғасырлық дәстүрлер туралы білімдерімен, сондай-ақ заманауи инновациялық технологияларда тілдік дағдыларды пайдалана отырып, пайдаланушылық аспектімен бөлісті.
Тренерлер талғампаз жастағы тыңдаушыларды экскурсияны дайындау және өткізу әдістемелері, экскурсиялық маршрут пен экскурсоводтың портфолиосын жасау, Маңғыстаудың киелі орындары мен этнографиясы туралы материлдармен таныстырды. Курс барысында тыңдаушылар үлестірме материалдармен жұмыс істеді, деректі фильмдер-презентацияларды талқылады және орындалған тапсырмаларын көрсетті.
Курс аясында тыңдаушылар Маңғыстау өңірінің Ақтау – Қалипан – Қаңға Баба – Мақтым баба – Қаракөз – Сағындық – Ақшора – Белтұран – қарағашты – Үштам – Кеніті баба – Сұлтан үпі – Шақпақ Ата – Ақтау маршруты бойынша экскурсияға барды.
Болашақта Күміс университеті Маңғыстау облысының туризм басқармасымен меморандум аясында жұмыс қатынастарын құрумен іскерлік ынтымақтастықта жұмыс жасайды деп жоспарланып отыр.