Күміс университет

1 қазаннан бастап Yessenov University үздіксіз білім беру Институтында «Күміс университет» жобасының жаңа курсы басталады.

Yessenov University талғампаз жастағы тыңдаушыларды гид-экскурсоводтарды даярлау бойынша тегін интеграцияланған туристік курсқа шақырады:
– Экскурсиялық шеберлік
– Қасиетті Маңғыстау
– Сандық сауаттылықты арттыру
– English language Training Programs for Tour Guides

«Күміс университетінің» тыңдаушылары Маңғыстаудың киелі, қасиетті орындары мен табиғи сұлулығы бойынша Маңғыстау облысының туризм бағытын дамыту және насихаттау курсы бойынша тегін білім ала алады.

Толығырақ ақпарат алу үшін Ақтау қаласы, Yessenov University ғимараты, 32 ш/а, әкімшілік корпус, 4-03 кабинет мекенжайы бойынша Үздіксіз білім беру институтына хабарласуға болады.
 
+7(702)120-07-35, 8(7292)788-788 (277)