Инженер-өнертапқыш Нұрбек Еркебаевтың қонақ дәрісі

11 қыркүйек күні Yessenov University-де «Білім беру» факультетінің ұйымдастыруымен «Sezual» компаниясындағы инновациялық жобаларымен танымал инженер-өнертапқыш Нұрбек Еркебаевтың қонақ дәрісі өтті.

Дәріс барысында Нұрбек Еркебаев инновациялар саласындағы өз тәжірибесімен бөлісіп, сенсорлық шешімдер мен жасанды интеллект саласындағы бірегей технологияларды әзірлеумен айналысатын «Sezual» компаниясының негізгі жобаларын таныстырды.

Дәріс сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды, қатысушылар әртүрлі салалардағы әзірлемелер мен олардың қолданылуы туралы өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.