12 қыркүйек күні Халықаралық теңіз университеттері қауымдастығының (IAMU) өкілі, профессор Li Quan (Dalian Maritime University) Yessenov University-ге келді.
Университет басшылығының Li Quan-мен кездесуі аясында теңіз білімі саласындағы заманауи трендтер, теңізшілерді даярлаудың жаңа технологиялары мен стандарттарын енгізу, теңіз саласындағы жаһандық сын-қатерлерді шешу үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы айтылды.
Профессор Li Quan университеттің инфрақұрылыммен, білім беру бағдарламаларымен танысты, сондай-ақ теңіз академиясының оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті. Сапар барысында профессор университеттің техникалық базасын және теңіз саласына мамандар даярлауда қолданылатын оқытудың заманауи тәсілдерін жоғары бағалады.