Huawei ICT 2025-2026 Roadshow

16 қыркүйек күні Yessenov University-де студенттер үшін ерекше шара – «Huawei ICT 2025-2026 Roadshow» өтті.

Бұл іс-шара барысында студенттер IT және автоматтандыру саласындағы құзыреттерін арттырып, Huawei компаниясының заманауи технологияларымен, халықаралық бағдарламаларымен және сертификаттау мүмкіндіктерімен танысты.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында айтылғандай:
«Жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер – еліміздің жаһандық бәсекеге қабілетті болуының басты кепілі».
Осы мақсатқа жету жолында Huawei Roadshow – үлкен қадам!