Дүниежүзілік стандарттар күні аясында 2018 жылдың 12 қазанында РМК «ҚазСтИн» Маңғыстаулық филиалы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, Yessenov University-де «Инженерия» факультетінің оқытушылары мен студенттеріне арналған семинар-дәріс өткізді. 2018 жылғы халықаралық стандарттар күнінің ұраны – «Халықаралық стандарттар және төртінші өнеркәсіптік революция».
Іс-шараны «Инженерия» факультеті «Машина жасау және көлік» кафедрасыны меңгерушісі м.а. Булекбаева Г.Ж. ашты. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Т.Б. Атчибаева құттықтау сөз сөйледі. «ҚазСтИн» РМК Маңғыстау филиалы директорының м.а. Қонақбаева А.М. «Халықаралық стандарттар және төртінші өнеркәсіптік революция» бойынша баяндама жасады. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Ақмағамбетов Ж.Б. Маңғыстау облысындағы индустрияның дамуы бойынша ақпаратпен бөлісті.
Іс-шара барысында «Стандарттау туралы» ҚР-ның жаңа Заңы таныстырылды, Заңда бекітілген стандарттаудың мақсаттары, принциптері мен міндеттері, стандарттау бойынша құжаттардың түрлері туралы, сондай-ақ халықаралық, өңірлік және шетелдік стандарттардың қолдануына ерекше назар аударылды.Шара соңында стандарттау саласына қосқан үлесі үшін «Каскор-Транссервис» АҚ, «КазНИПИмунайгаз» АҚ мамандарына алғыс хаттары салтанатты түрде табыс етілді.