7 желтоқсан күні Yessenov University-де «Саналы ұрпақ» студенттік клубы еріктілері арасында жыл сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы слет өтті.
Слетке 1-курс студенттері арасынан 5 топ қатысты. Сайысқа Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Н.Т. Мұқатай, «Маңғыстау — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.М. Үсіпбаев, «Antikor волонтерлары» жобасының белсендісі, Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Н.Ж. Қарабалин және Yessenov University-дің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Г.У. Джолдасбаева төрелік етіп, жеңімпаздарды марапаттады.
Сайыс барысында студенттер волонтер ретінде қоғамдағы жемқорлық ахуалын анықтап, талдау жасап, жемқорлықты жою жолдары бойынша үздік идеяларын ұсынды.
Сайыстың соңғы кезеңінде студенттердің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңын білу деңгейін анықтау мақсатында викторина ұйымдастырылды.