Жоғары мектепте оқытудың заманауи тәсілдері

Share on social networks

Әскери кафедра оқытушылары Yessenov University үздіксіз білім беру институтында: «Жоғары мектепте оқытудың заманауи тәсілдері» курсы бойынша білім алды.
Оқытушы өзгерістерге ұмтылу, оларды тудыру, дербес шешімдер қабылдау және оларға жауапты болу қажет. Өзінің кәсіби деңгейін арттыра отырып, педагог «Оқыту – бұл өмір бойы жалғасатын» үрдісті есінде сақтауға міндетті. Оқытушылардың біліктілігін арттыру ғылымның дамуына, жаңа ғылыми тұжырымдамалардың пайда болуына, бұрын зерттелген фактілерді, ұғымдарды, заңдылықтарды қайта қарауға байланысты.