ЖАҢА ЗАМАНҒА САЙ САНАЛЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ

25 ақпан Yessenov University Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 30 жыл торқалы тойы қарсаңында, Халқымыздың саналы ғұмырына бір сәт үңіліп, мемлекетіміздің әлем мемлекеттерімен терезесі тең , ұлттық құндылығымыз замана көшіне бейімделген ұрпақ тәрбиесін жетілдіру мақсатында – ұлт болашағы жастардан сапалы ұрпақ жетілдіру. Бүгінгі білімгер жас өркен, күні ертең мемлекетті өрге сүйрер түлетуші тұлға. Жас буынның қабілеттілігін арттыру және білімгерлердің саналы, қоғамға пайдалы, ұлттық бірегейлікке жауапкершілікпен қарайтын арлы азаматтардың қалыптасуы үшін университетіміз Түркия, Қытай елдерінің ғалымдарымен және Республикамыздың әртүрлі ЖОО және Ақтау қаласы БИЛ, Жалпы орта мектеп ұстаздарымен «ЖАҢА ЗАМАНҒА САЙ САНАЛЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік танымдық конференция өткізді.

Конференция барысында Қазақстанның жастар саясатын әлемдік мемлекеттердің тәжірбиелерімен салыстырыла талқыланып, өзекті мәселелердің шешілу жолдары қарастырылды.