«Air Energy Caspian» компаниясының өкілдерімен кездесу

Есенов студенттерінің жұмысқа орналасуына ықпал етуді ұйымдастыру барысында студенттердің жұмыс берушілермен тікелей сөйлесу мүмкіндігін туғызу үшін кадрларды іріктеумен айналысатын халықаралық «Air Energy Caspian» компаниясының Атырау қаласындағы өкілдерінің қатысуымен 08.11.2022 ж. «Студеттердің жұмысқа орналасуына кәсіби бағдар беру» тақырыбында мастер-класс өткізілді.

Мастер-класта жақсы түйіндемеге қойылатын талаптар туралы айтылып, қатысушылармен сұхбаттасу жұмыстары жүргізіліп, ең үздіктеріне «Сіздің сауатты түйіндемеңіз», «Сіздің сәтті сұхбатыңыз» сертификаттары табысталды.

Түлектерге бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріп, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін туғызуға ықпал етті.