YU ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК ПЕН ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДІҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ БАҒЫТТАЛУЫ

2023 жылдың 22 ақпанында Yessenov University GSE Білім берудің жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласында орналасқан №19 мектеп-гимназия, Серікбол Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназия, №№17,21,25 жалпы білім беретін мектептермен ұзақ мерзімді ғылыми зерттеуді жүргізу бағытында және педагогикалық әдістемелер мен нұсқауларды қалыптастыруға арналған шараларды ұйымдастыру,білім сапасын арттыру мақсатында құрылған жоба аясында жиналыс өтті.

 

Серіктестік мектептер ғылыми-зерттеу GSE Білім берудің жоғары мектебінің ғылыми тәжірибелік база болып табылады, сондықтан кешенді іс-шара жоспарын іске асыруда: екі бағыттан тұрады. Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету және он екі ғылыми зерттеу бағыттары бойынша жоспарланған іс-шаралардың қалай орындалуын, тәжірибе мен ғылымның қалай ұштасуы туралы университет ғалымдары мен мектеп басшылары,жобаға жауапты мамандар арасында жүйелі жұмысты бастау алдыңғы кездесуі сәтті өтті.

 

Орта білім берудің, сондай-ақ оқу пәндері мен оқу үлгерімінің тиімділігін қамтамасыз ету және білім сапасын арттыру, мультимедиялық оқыту әдістері бойынша пәндердің дидактикалық ресурсын және онлайн платформасын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Сапалық және сандық зерттеулерді жүргізу кезеңдері және басқа да мәселелер қарастырылды. Мектептер білім сапасын арттыру үшін ғылыми-зерттеу процестерінің жүйесін әзірлеуге және енгізуге және зерттеу нәтижелерін пайдалануға мүдделі.

 

Магистратураның педагогика бағытында 10 білім беру бағдарламалары шеңберінде: осы оқу жылында қабылданған 171 магистранттың және екі докторанттың ғылыми тақырыптары мектеппен байланыстырып бекітілген.